ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР !
Сіздерді осы беделді іс-шараға қатысуға және табиғи қосылыстар химиясы саласындағы аудиториямен құнды ойларыңызбен бөлісуге шақырамыз. Конференция бағдарламасы пленарлық (20-30 мин), ауызша (10 мин) және постерлік презентацияларды қамтиды. Тіркеу формасы мен ағылшын тіліндегі тезистер Ұйымдастыру Комитетіне 2024 жылдың 15 сәуіріне дейін тапсырылуы керек. Конференция гибридті форматта өтеді: офлайн және онлайн. Онлайн конференция сілтемесі ұйымдастыру комитетімен ұсынылады.
Конференция осы салада жұмыс істейтін барлық зерттеушілер үшін өте пайдалы болады деп үміттенеміз. Баяндамалар іргелі зерттеулер мен оның қолдануларын, сонымен қатар жаңа тақырыптарды, проблемаларды және серпінді идеяларды қамтитын болады.
Конференция туралы негізгі мәліметтер
-
Күні: 5–7 маусым 2024 жыл
-
Өткізу орны: Алматы, Қазақстан
-
Тілі: Ағылшын, Қазақ, Орыс
-
Төраға: Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректоры)
-
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Материалдарды жариялау
Барлық материалдар, соның ішінде бір беттік тезистер, постерлер Конференцияның тезистер жинағына енгізіледі.